Атырау, 1 желтоқсан 21:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Пан Ги Мун Мысырдың экс-президентін босатуға шақырды

1 245 просмотра
Пан Ги Мун.Пан Ги Мун.АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Мысыр әскерилерін тақтан тайдырылған президент Мұхаммед Мурсиді және «Мұсылман бауырлар» қозғалысының өзге көшбасшыларын босатуға немесе олардың істерін дереу сотта қарауға шақырды.

Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.

Жұма күні Мысырда Мурсидің жақтаушылары мен қарсыластарының жаппай наразылықтары өтпек.

Билікті қолға алған әскерилер зорлық-зомбылық пен лаңкестік әрекеттердің жолын кесу үшін күш қолдануға әзір екендіктерін ескертті.

«Мұсылман бауырлар» көшбасшысы Мұхаммед Бади қозғалыс жақтаушыларын Мұхаммед Мурсиге әскерилер билікті қайтарғанша наразылық білдіруге шақырып отыр.

Дереккөз: inform.kz

26 шілде 2013, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.