Атырау, 23 қараша 12:07
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Апатқа ұшыраған пойыз машинистінің желікпе сөзі мен суреті табылды (ВИДЕО)

3 247 просмотра

Екі күні бұрын Испанияда орын алған сұмдық апатқа ұшыраған жолаушылар пойызы машинистінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында желігіп жазған сөзі мен пойыз жылдамдығының көрсеткіші түсірілген суреті табылды деп хабарлайды британдық "Daily Mail» ақпарат көзіне сілтеме жасаған tengrinews.kz сайты. 

Өткен жылдың наурыз айында Франсиско Хосе Гарсон Facebook-тегі жеке парақшасында пойыз жылдамдығы 125 мильді көрсеткен (сағатына 200 км-ге жуық) сурет орналастырған. Ол жүрдек пойыз жылдамдығының қаншалықты болу керектігін біле тұра, суреттің астына «полицейлер радарымен түсіріп үлгерсе, бір қуанып қалар едім» деп жазыпты.
Кейінірек, автордың бұл суреті испандық газетте жарияланып, телеарналарда көрсетілгенде қоғамның ашу-ызасын тударған болатын. Артынша Хосе Гарсон өз парақшасындағы суретті өшіріп тастаған.
Естеріңізге сала кетейік, 24 шілдеде Испан темір жолы тарихындағы ең ауқымды апат тіркелді.
Сантьяго-де-Компостела қаласының іргесінде сағатына 80 шақырымдық жылдамдықпен жүруі тиіс бұрылыста 190 км-сағаттық жылдамдықпен жүйткіп кеп, шойын жол доңғалағы рельстен шығып кеткен еді. Салдарынан 80 жолаушы мерт болып, 178 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Ал пойыз машинисті аман қалып, ауруханада жатқан жерінің өзі қатаң күзетпен бақылауға алынды

Дереккөз: Baq.kz

 

26 шілде 2013, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.