Атырау, 20 сәуір 15:42
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Көпірдегі көлік апаты

8 162 просмотра

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, кеше, 25 шілдеде Атырау орталығында өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы орын алды.

Көлік апаты 22 сағат 10 минутта қаланың еуропалық бөлігіндегі орталық көлік көпірінің етегінде (Абай алаңы жақтан) болған. «Тойота-Хайлюкс» пикапының 24 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, қарсы келе жатқан «Тойота-Хайландер» көлігіне соқтығысқан. Оның рөлінде 27 жастағы қыз болған. ЖКО нәтижесінде пикаптағы 24 жасар жолаушы қыз облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Пикаптың тағы бір жолаушысы мен жүргізушісі облыстық стационардың травматологиялық бөлімшесіне жатқызылды. Тергеу ісімен облыстық ІІД-нің анықтау басқармасы айналысуда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Куәгер түсірген фотосурет

26 шілде 2013, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.