Атырау, 1 желтоқсан 22:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Күйкентай қонды шатырға

8 336 просмотра

Сәтпаев даңғылы №54 үйдің тұрғындарының қуаныштарында шек жоқ: осыдан екі ай бұрын үй шатырының астына қарапайым күйкентай ұя салған. Санаулы уақыт ішінде осы бүркіт тұқымдас құстардың бес өкілі айналадағы барлық кеміргіштерді құртты.

- Бұл құстар жабайы болса да, бізден мүлдем қорықпайды, - дейді үй тұрғыны Бейбіт МЕҢДІҒАЛИЕВ.Фотоаппарат обьективіне қызыға қарайды, жалпы, баршамыздың көңілімізді көтеріп отырады. Біз құстың «ти-ти-ти-ти» деген жеңіс шықылын естісек, кезекті атжалман немесе тышқанның құрыққа түскенін білеміз.

- Күйкентайдың осы жерді мекен етуге таңдауының себебі - бұл жерде азық қоры мол болуы керек,- дейді Атырау обаға қарсы станциясының эпизоотология және аса қауіпті инфекциялардың алдын алу зертханасының меңгерушісі Федор САРАЕВ.

- Олар, негізінен, жәндіктер мен ұсақ кеміргіштерді, кесірткелер мен шегірткелерді, сондай-ақ ұсақ құстардың балапандарын азық етеді. Ұяларын әр түрлі жерлерге, талға да, үйлердің шатырларына да сала береді.

Тұрғындардың айтуынша, күйкентай азық іздеуге шыққанда, көкте қалқып жүріп, олжасын аңдиды. Тышқанды немесе ірі жәндікті байқаған бойда, құлдилап жерге құлайды екен.

- Биыл қарлығаштар көбейген сияқты. Жалпы қарлығаштар тек экологиялық таза жерлерге ұя салып, көбейеді деп айтады. Бұл рас па?- деп сұрадым Ф. Сараевтан қосымша.

- Қарлығаштарды экологиялық жақсы ахуалдың индикаторы деп есептеуге болады деп ойламаймын. Мәселен, Сасық сайды алайық. Бір жағынан – Ганюшкин каналынан, келесі жағынан - химия зауытынан бұған не құйылмай жатыр. Алайда мұнда түрлі ұсақ құрт-шаяндар және планктон құрамына енетін басқа да жәндік түрлері көбейіп жатыр. Ал бұл құстар үшін жұмақпен тең.

 Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген Бейбіт МЕҢДІҒАЛИЕВ

25 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.