«АМӨЗ» ЖШС баспасөз қызметі хабарлағандай, зауыт көктемгі дала жұмыстары кезінде аграршыларды жанар-жағармаймен қамту жоспарын 97,6 пайызға орындады.
Мұнай және газ министрлігінің кестесіне сәйкес, АМӨЗ Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарының шаруа қожалықтарын дала жұмыстары үшін отынмен қамтамасыз етті. Жоспарланған 90,5 мың тоннаның орнына 88,3 мың тонна солярка тиелді. Жеткізілім «ҚазМұнайГаз – Қайта өңдеу және маркетинг», «Петролеум Оперейтинг» және Petrosun компаниялары арқылы жүзеге асырылған. Зауытқа, сондай-ақ, бекітілген өңірлердің шаруашылықтарына өнімді жинау үшін 48 мың тонна солярка жеткізу тапсырылды. 14 шілдедегі ахуал бойынша 10,8 мың тонна жанар-жағармай жеткізілген.
Жеткізілімдерді Petrosun, Petroleum Operat, «Премиум холдинг», «Монтаж-Инвест» және Trade Oil Recource компаниялары жүзеге асырған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ