Атырау, 26 қараша 03:44
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қарудан оқ ату көбейіп кетті

2 668 просмотра

НКОК компаниясынан 2011-2012 жылдары орын алған қоршаған ортаға нормативтен тыс эмиссия үшін 204,9 млн теңге мөлшерінде экологиялық төлемдер өндіріліп алынды.

Бұл туралы бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша өткен баспасөз конференциясында облыстық прокуратураның әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы Ғани ТЫНЫМОВ хабарлады. Оның айтуынша, көп көңіл бөлінетін тағы бір сала еңбек құқықтарын қорғау боп табылады. Жыл басынан бері кәсіпорындар прокурорлар келіп кеткеннен кейін жұмысшыларына еңбекақы бережақтарын өтеген.

Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы Балнұр ЕСЕНГЕЛДИНОВ4 292 қылмыстың тіркелгендігін хабарлады (бұл 2012 жылдың қаңтар-маусымына қарағанда 37 пайызға көп). Ауыр емес қылмыстар саны 424-тен 715-ке дейін, орташа ауырлықтағы 2 229-дан 3 023-ке дейін және ауыр қылмыстар 392-ден 519-ға дейін көбейген. Негізінен меншікке қарсы қылмыстар (алаяқтық, ұрлық), браконьерлік және бұзақылық қылмыстары есебінен көбейіп отыр. 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында оқпен атылатын қаруды қолданған 4 қылмыс, ал 2013 жылдың қаңтар-маусымында 10 қылмыс тіркелген.

– Соңғы кездері ақтап алу негізінде тоқтатылған қылмыстық істер саны көбейді, - дейді сот актілерінің заңдылығын қадағалау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Тұрсынай БУРАБАЕВА. – Бұл қылмыстық процесске қатысушылардың жиі ымыраға келетіндігіне байланысты болып отыр. Атырау соттарында ақтау негізінде 288 іс тоқтатылды.

Тәркіленген бекіре тұқымдас балық пен уылдырықты бүлдіру фактісі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. «АЖ» сұрақтарына жауап бере отырып, атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау жөніндегі облыс прокурорының аға көмекшісі Нұрсұлтан САППАЕВ былай деді:

– Бұл фактілер атқару өндірісі органдарын, атап айтқанда, Сот актілерін орындау департаментін тексеру барысында анықталды. Тәркіленген балық пен уылдырық бұзылып кеткен. Біз жинақталған материалдарды іс жүргізу шешімін қабылдау үшін қаржы полициясы мен ішкі істер органдарына жолдадық. Қазіргі уақытта тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды. Біз жинақтаған материал сот орындаушыларын, сонымен қатар тәркілеу кезінде тікелей жедел-іздестіру шараларымен айналысқан ішкі істер органдарының қызметкерлерін анықтау және оларды жауапкершілікке тарту фактісі бойынша жолданды. Әзірге зиян мөлшері анықталуда. Мәселен, уылдырық 6 келіден астам болған еді.

Сонымен қатар, прокуратура алимент өндіру акциясын жүргізді. 217 балаға 2 млн теңгеден астам сомада алимент төлеттірілді. Борышкерлердің шетелге шығуына салынған тыйым да өз нәтижелерін беруде. Жыл басынан бері 44 борышкер шетелге шыға алмады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.