Атырау, 25 сәуір 21:41
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қырғыз – Өзбек шекарасындағы қақтығыстан кісі қаза болды

5 049 просмотра

Кеше Қырғыз – Өзбек шекарасында оқ атылып, бір өзбек шарашысы мерт болып, екіншісі жарақат алды. Бұл жөнінде Ферғана.ру ақпарат агенттігі хабарлайды. Қырғыздың Жалалабад облысы мен өзбектердің Наманган облысына тиесілі елді мекендердің шекаралары түйсетін тұста орын алған оқиғаға өзбек шекарашылары кінәлі деп айыпталып отыр. Оқиғаның қалай өрбігендігі жайында Қырғыз Шекара қызметі Төрағасының бірінші орынбасары Ескендір Мәмбеталиев арнайы БАҚ арқылы мәлімдеме жасады. Оның орыс тіліндегі бейне нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.  

Айыр қалпақты ағайындардың айтуынша, Жетізағара шекара отраядына жақын маңда кеше күндіз қырғыздың үш шекарашысы өзбекстандық екі әріптестерінің шекара сызығын заңсыз кесіп өткендігін анықтайды. Олардың тәртіпке бағынбауынан оқиға ушығып, іс насырға шабады. Нәтижесінде, өзбек шекарашылары алдымен көршілерінің жағасына жармасып, кейіннен бірінші болып оқ атады. Салдарынан өзбек шекарашысының бірі мерт болып, екіншісі дене жарақатын алады. Ал қырғыз елінің шекарашыларына ешбір зақым келмеген.
Ал өзбек елінің БАҚ құралдары бұл оқиғаға қатысты мүлдем кереғар мәліметтер жариялауда. Мысалы, Подробно.Uz сайты: «Бүгін Наманган облысындағы шекара бекетінде тағы бір кезекті қанды оқиға орын алды. Бұған әдеттегіше ішімдікке сылқия тойып алған қырғыз шекарашылары басты себеп болуда. Олар қаруланған күйде біздің жерімізге баса көктеп кіріп, шекарашыларымызға ескертусіз оқ атқан. Нәтижесінде, бір өзбек әскери қызметкері көз жұмып, екіншісі ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі кезде оның өмірі қыл үстінде» деп жазады.
Естеріңізге сала кетейік, өзбек–қырғыз шекарасындағы әскери қызметкерлер қақтығысы жиі орын алып тұруы дағдыға айналған. Әдетте, екі ел мамандары бір-бірін айыптап жатады. Ал Қырғыз Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Бешимовтың мәліметіне сүйенсек, соңғы екі жыл ішінде олар Өзбекстанға шекара маңында орын алатын қақтығыстарға қатысты 21 нота жолдаған көрінеді.
Бүгінде екі ел жерінің шектесу қашықтығы 1 378 шақырымды құрайды. Оның ішінде ондаған жер телімдерінен құралған жалпы ұзындығы 370 шақырым болатын шекара сызығы күрделенген, даулы мәселеге айналып отыр.
Дереккөз:
Baq.kz

24 шілде 2013, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.