Атырау, 26 қараша 02:48
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Никита үшін қоңырау соғылады

2 316 просмотра

23 шілдеде 32 жасына қараған шағында ауыр науқастан журналист, активист, шоумен Никита Викторович ГУЩИН бақилық болды.

Никита 1981 жылы 22 қыркүйекте Ленинградта дүниеге келген, алайда балалық шағы мен жастық дәурені Гурьевте өтті. Жасөспірім кезінде-ақ ол «Прикаспийская коммуна» және «Ақ Жайық» газеттерінде штаттан тыс тілші боп табыс таба бастады. Кейінірек «Каспийский регион» бизнес-журналын шығарумен айналысты.

Никитаның ғұмыры қысқа болғанымен, ол бәріне үлгеруге тырысып, салауатты өмір салтын ұстанды, адамдарға қол ұшын беріп, осы өмірді жарқын етуге тырысты. Ол қоғамдық қызметімен қатар Орыс Православиелік Шіркеуіне де қатысатын: діни жоралғыларды өткізуге көмектесіп, кейінірек қоңыраушы болуға шіркеу батасын алды.

Екі ай бұрын Никита онкологиялық бөлімшеге түсіп қалды. Алайда оның өмірін аман алып қалуға болатын алтын уақыт өтіп кеткен екен. Осы уақыт бойына Никита жанын қинаған ауруына қарамастан, қайраттылық танытып, өмір үшін шыдамдылықпен күресе білді. Қол ұшын бергісі кеп, жанынан табылған жандардың баршасына күлімсіреп, алғысын білдіретін. Өмірге құштар, мейірімді, үнемі жайдары жүретін жігіттің тату-тәтті отбасы, сүйкімді үш қызы бар-тұғын. Ең кенже қызының дүниеге келгеніне бір апта енді ғана толған еді.

О дүниелік болған Никитаның жарқын бейнесі мәңгі жүрегімізде қалады.

Жерлеу рәсімі 25 шілдеде сағат 12-де Азаттық даңғылы, 80-үй, 11-пәтерде өтеді.

Анастасия ПАСТУХОВА

24 шілде 2013, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.