Атырау, 25 желтоқсан 02:23
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

АҚШ-тың Сириядағы әскери операциясына айына кем дегенде 1 млрд доллар жұмсалады

2 786 рет қаралды

РБК-ның хабарлауынша, АҚШ штаб бастықтарының біріккен комитетінің (ШББК) бастығы Мартин Демпси Сириядағы америкалық әскери операцияға айына кем дегенде 1 млрд доллар жұмсалады деп бағалады.

«Әскери қызметкердің берген бағасы конгресс сенатының қарулы күштері бойынша комитет мүшелеріне арналған хатта хабарланған», - делінген ақпаратта.

«Қаржы Сирияның кейбір жерлерінде ұшуға рұқсат бермеу үшін және америкалық әскери қызметкерлердің елде болуын қаржыландыру үшін жұмсалады. Сириядағы күш балансын өзгерту үшін ондаған мың әскери қызметкердің қатысуы мүмкін», - деп атап өтті ШББК бастығы.

Дереккөз: bnews.kz

23 шілде 2013, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.