Атырау, 13 қаңтар 14:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

Қырғызстан мен Өзбекстан шекарашылары арасында атыс болып, бір сарбаз көз жұмды

2 622 просмотра

Қырғызстан мен Өзбекстан шекарашылары арасында атыс болып, олардың бірі көз жұмды. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Оқиға бүгін сағат 10:25-те Жалалабад облысы Ақсый ауданына қарасты Жетизагара деген жерде болған. 

Қырғызстанның шекарашылары елдің аумағына заңсыз кіріп кеткен өзбектің екі шекарашысын байқап қалады. Олар қырғыздардың ел аумағынан шығыңдар деген талабына мойынсұнбай, ерегісе кеткен. Соңы қарулы қақтығысқа ұласады.

Қаруды Өзбекстанның шекарашылары бірінші болып қолданған. Атыс кезінде Өзбекстанның бір шекарашысы қаза тауып, екіншісі жарақат алады. Қырғыз тарапынан зардап шеккендер жоқ.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің офицерлер тобы жұмыс істеп жатыр.

Дереккөз: bnews.kz

23 шілде 2013, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.