Атырау, 18 желтоқсан 07:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

Астанада студенттер екі күнге қашықтан оқуға көшіріледі

487 рет қаралды

Астанада 27-28 қараша күндері ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтуіне байланысты кейбір студенттер онлайн оқу форматына көшеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаевтың мәлімдеуінше, 27-28 қараша күндері:

  • 4 жоғары оқу орны қашықтан оқу форматына көшеді;
  • 2 жоғары оқу орны сабақтардың бір бөлігін қашықтан өткізеді;
  • 2 жоғары оқу орны студенттерін демалысқа (1-триместр) жіберді;
  • 5 жоғары оқу орны дәстүрлі офлайн оқу форматын сақтап қалды.

Ол шешімдерді жоғары оқу орындары өздерінің академиялық саясатына сәйкес дербес қабылдайтынын нақтылады.


26 қараша 2024, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.