Алматыда қоғамдық көлікте әйелді ұрған 66 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі, деп хабарлайды ҚазТАГ.
«Алматы полициясы қоғамдық көлікте әйелді ұрған 66 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады»,- делінген хабарламада.
Күдіктінің айтуынша, әйел автобуста телефонмен қатты сөйлескеніне наразы жолаушы оны ұрып, денесіне зақым келтірген.
"Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - деді Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдумасаров.