Атырау, 23 қараша 16:23
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауды кезген мерез

7 337 просмотра

Облыстық тері-венерологиялық диспансерінің дәрігерлері дабыл қағуда: Атырауда және облыс бойынша мерезбен ауыратындар саны көбейіп отыр. Жыл басынан бері 126 адам осы ауруды жұқтырған екен (2012 жылдың қаңтар-маусымында – 75).

- Осы 126-ның үшеуі анасының жатырында жұқтырған,- дейді тері-венерологиялық диспансердің бас дәрігері Ерлан ИСЛАМОВ.Бұл, менің ойымша, республикалық деңгейдегі төтенше жағдай.

Дәрігерлер мәселе тек қалалықтардың жыныстық жолмен жұғатын аурулар туралы нашар хабардарлығы ғана емес, адамдардың өз денсаулығына немқұрайлы қарауынан туындап отыр деп есептейді. Көп жағдайда ауру жұқтырғандар диспансерге науқастың өршіп тұрған кезеңінде келеді.

- Бұл жымысқы аурудың, көбінесе, бастапқы белгілері білінбейді және жұқтырғаннан 90 күнге дейін ешқандай белгі бермейді, - дейді диспансерлік бөлімнің меңгерушісі Мира БЕРДЕШОВА.  – Жаралары да еш ауырмайды. Еш жері ауырмаған соң, алаңдамай, өзі жазылатын шығар деп жүре береді. Бұл уақытта ауру адам басқа біреуге де жұқтыруы мүмкін. Ал науқас адамға қорғаныс құралдарын неге пайдаланбадыңыз деп сұрасақ, «мүшеқапты қолданған бір түрлі...» деген жауап аламыз.

Сонымен қатар, дәрігерлер қалада жұмыс жасап жүрген жезөкшелердің көбейіп кеткенін де алға тартады.

- Коммерциялық секс қызметкерлері (өздерін солай атағанды қалайды) тексерілуге тек құқық қорғау органдарының қысымымен ғана көнеді, сондықтан да біз олармен бірлесе жұмыс жасаймыз, - дейді Е. Исламов.Ай сайын біз өзімізге белгілі нүктелер мен притондарға рейд жүргіземіз. Барынша жұмыс жасап жатырмыз, алайда адамдардың әлеуметтік деңгейі көтерілмесе, жағдай еш өзгермейді. Сонымен қатар, бізге таяу және алыс шетелдерден келетін мигранттар ағымы көбейіп отыр, ал бұл жағдайды одан әрі ушықтыра түседі.

Анастасия ПАСТУХОВА

23 шілде 2013, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.