Атырау, 28 наурыз 13:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

АҚШ Сирияға қарсы шабуыл жасамақ

1 661 просмотра

Америка әскері Сирия әскері нысандары бойынша шектеулі дистанциялық шабуылдар жоспарын әзірледі. Олардың қатарында ӘҚК жүйелері мен командалық пунктер бар, деп хабарлады АҚШ Қарулы күштері штабтары бастықтарының біріккен комитетінің төрағасы Мартин Дэмпси. Бұл туралы Trend.az агенттігі ақпарат таратты.

Вашингтон президент Башар Асадтың режиміне қарсы қарулы күрес жүргізетін Сирия оппозициясын қолдайды.

«Әуеден жасалатын жүздеген дистанциялық және зымыран соққылар әскери нысандарды жою үшін қолданылуы мүмкін еді», - делінген Дэмпсидің сенат әскери істер комитетінің төрағасы Карл Левинге жазған хатында.

Әскери қызметкердің айтуынша, бұндай соққылар үшін жүздеген ұшақ, кеме, су асты қайығы мен басқа құралдар қажет. Ал шығындар миллиардтарға жетеді.

Дереккөз: bnews.kz

23 шілде 2013, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.