Атырау, 25 қараша 18:39
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Енді елімізде Даун синдромын жүктіліктің 10-шы аптасында анықтауға болады

69 просмотра
Фото: freepik.com

Жаңа әдіс ұрықтағы хромосомалық ауытқуларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңадан енгізілген технология ел президентінің іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында қолданыла бастады.

Жаңа әдіс жүктіліктің 10-шы аптасынан бастап Даун синдромын 99%-дан астам дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу үшін анадан қан үлгісін алса жеткілікті. 

"Әдіс ананың қанындағы ұрықтың жасушадан тыс ДНҚ-сын талдау арқылы жүргізіледі. Даун синдромынан бөлек, Эдвардс синдромы (трисомия 18), Патау синдромы (трисомия 13) және жыныстық хромосомалық бұзылыстарды анықтай алады. Процедура қауіпсіз, инвазиялық араласуды қажет етпейді. Сондықтан ана мен ұрық денсаулығына ешқандай зиян келтірмейді”, – делінген хабарламада. 

Бұл тест дәстүрлі инвазиялық әдістердің, амниоцентез және хорион биопсиясы сияқты қауіпті диагностикалардың қажеттілігін азайтады. Ерте кезеңде дәл диагноз қою ата-аналар мен дәрігерлерге дайындалуға және дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай тестілеуді Қазақстанда енгізу пренаталдық диагностиканы дамыту үшін  маңызды. Тәсіл генетикалық ауруларды анықтау мүмкіндігін жақсартады. Сонымен қатар хромосомалық ауытқушылықтармен байланысты ауыр жағдайлардың санын азайтады. Денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені төмендетіп, медициналық көмек сапасын арттырады.

Бүгін, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.