Ол 1986 жылдан бергі қолданыстағы ережелерді алмастырмақ.
Жаңа ережелер «заңсыз тұруға» қатысты анықтама береді. Бұл құжат сонымен бірге заңсыз шет елге шығу мен шетелдік азаматтардың Қытайда жұмыс істеуіне де қатысты болмақ.
Уақытша жұмыс немесе тәжірибеден өтуі керек шетелдік студенттерге қатысты жаңашылдықтар да енгізіледі. Енді шетелдік студенттерге өздері оқитын оқу орындарынан уақытша жұмыс орнына тұру немесе тәжірибеден өту рұқсатын алғаннан кейін, ол ақпаратты Қытайдың көші-қон органдарына мәлімдеп отыру керек.
Сонымен қатар, шетелдік азаматтар жұмыс орнын немесе оқу орнын ауыстырғанда бұл туралы ҚХР-ның көші-қон қызметі органдарына уақтылы хабарлаулары тиіс.
Шетелдік азаматтардың шет елге шығуы мен кіруін реттейтін жаңа ереже шетелдіктерге виза беру барысын бір үлгіге салады. Жаңа ереже визаларды 12 түрге бөледі. Визалардың жаңа түрлері енгізіледі - «R» визасы біліктілігі жоғары шетелдік мамандарға, ал «Q» визасы Қытайға туыстарына келген шетелдіктерге беріледі.
ҚХР Мемлекеттік кеңесі Кеңсесінің заңнамалық сұрақтар бойынша өкілінің мәлім етуінше, жаңа ереже ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бақылауға сәйкес шараларды күшейтуге бақытталған.
Дереккөз: inform.kz