Атырау, 25 қараша 13:28
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мемлекеттік күзет қызметі астаналықтарға үндеу жасады

67 просмотра

Осы аптада елордаға бірқатар мемлекеттің басшылары келу жоспарланған.

Шетел мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізу және оған әзірлік аясында, 27-28 қарашада елорда көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дайындық шараларында ҚР арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау және Қарулы Күштер ресурстарын, оның ішінде әскери авиация мен техниканы пайдалану көзделген.

Сонымен қатар, 27 қарашада Астана қаласы аспанында ҚР ҚМ майдан авиациясының ұшуы жоспарланған.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада. 
 


Бүгін, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.