Атырау, 25 қараша 13:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Энергетика министрлігі 2023 жылы жер қойнауын пайдалану бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін 14 млрд теңге өндіріп алуды көздеп отыр

61 просмотра

Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дүйсенбіде Парламент Мәжілісінде Үкіметтік сағат барысында баяндама жасады, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Баяндамадан:

"2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша көмірсутектер бойынша 315 келісімшарт қолданылады (оның ішінде ӨБК – 9, барлауға – 11, барлауға және өндіруге – 173 және өндіруге – 122).

2020 жылдан бастап жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсімі толығымен автоматтандырылған және аукциондық тәсілмен электрондық түрде жүзеге асырылады, бұл оны барынша ашық және айқын етеді.

Осы кезеңде 9 электрондық аукцион өткізілді, онда бюджетке шамамен 49,5 млрд. теңге сомасында қол қою бонусын төлей отырып және $443 млн сомасына геологиялық барлауға мәлімделген инвестициялармен 110 жер қойнауы учаскесі жүзеге асырылды.

Кезекті аукционды өткізу 2024 жылғы 27 қарашаға 9 учаске бойынша жоспарланған (барлау – 8, өндіру – 1).

Жер қойнауын пайдаланушылар алған келісімшарттық міндеттемелерді орындамай ұзақ уақыт ұстайтын жер қойнауы учаскелерін тексеру бойынша жұмыс жалғасуда.

2022 жылдан бастап Министрлік аукциондарға қайта шығарылатын 52 келісімшартты (2022 жылы – 17 келісімшарт, 2023 жылы – 22 келісімшарт, 2024 жылы – 13 келісімшарт) бұзды, 9 келісімшарт бойынша 1,9 млрд.теңге сомасына берешек өтелді.

2022 жылғы келісімшарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін жалпы сомасы 12 млрд.теңгеге 158 хабарлама қойылды, оның 5,6 млрд. теңгесі өтелді.

2023 жылғы келісімшарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін жалпы сомасы 14 млрд.теңгеге 141 хабарлама қойылды, оның ішінде бүгінгі күні шамамен 2,4 млрд. теңге өтелді.

Бұл жұмысты Министрлік тұрақты және жүйелі негізде жүргізеді.

Бүгін, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.