2024 жылғы 24 қараша мен 25 қарашаға қараған түні «Охотзоопром» РМКК инспекторлары Алматы облысының Іле ауданындағы Ақши ауылының маңында жоспарлы рейд барысында жергілікті тұрғынды атпен жүріп бара жатқан жерінен ұстады, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.
Тексеру барысында оның қолында Қызыл кітапқа енгізілген, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген Қарақұйрық антилопасының түріне ұқсайтын жануардың еті табылды.
Құқықбұзушы заңсыз аңшылық жасағаны үшін және алынған заттай айғақтармен Іле аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
Бұл факт бойынша алдын ала тергеу жұмыстары басталды.
Сирек кездесетін және қорғалатын жануарларды заңсыз аулау немесе тасымалдау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында жауапкершілік қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, сирек кездесетін жануарларды қорғау — табиғатты қорғау органдарының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады және осы саладағы әрбір заңбұзушылық заң бойынша қатаң түрде тоқтатылатын болады.