Ұлттық банктің 25 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 498,34 теңге.
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 497 – 503 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 500,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 502,5 теңге. Еуро 521 — 525,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 497 теңге, сатып алу құны — 503 теңге. Еуро 517 теңгеден сатылып, 527 теңгеден сатып алынады.