Қытайдағы зілзаланың зардаптары. Фото: AFPАСТАНА, 22 шіл –Қазақстан жаңалықтары АА. Қытайдың орталық бөлігінде дүйсенбіде болған жер сілкінісінен қаза болғандар саны 75-ке дейін жетті, 400-ге жуық адам жарақаттанған, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап.
Бұрын қаза болған 54 адам және 300 жарақаттанушы туралы айтылған болатын.
Күші 6,6 балдық дүмпу (америкалық геологиялық қызметтің мәліметтері бойынша - 5,9) дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 07:45-те тіркелген, жер сілкінісінің кіндігі Ганьсу провинциясында болған. Зілзала ошағы - 20 шақырым тереңдікте.
Дереккөз: newskaz.kz