Атырау, 23 желтоқсан 19:37
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Олжас Бектенов Аркадий Добкинмен IT шешімдердің дамуын талқылады

544 просмотра
Фото: Үкімет

Олжас Бектенов америкалық EPAM Systems компаниясының басшысы Аркадий Добкинмен бірлескен IT шешімдердің дамуын талқылады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

 
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов америкалық ірі технологиялық компаниялардың бірі EPAM Systems директорлар кеңесінің төрағасы, бас директоры әрі президенті Аркадий Добкинмен цифрландыру, IT-білім беру және Қазақстанның технологиялық экожүйесін дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Әңгімелесу барысында әлемдік технологиялар нарығын дамытудың заманауи трендтері және жаңа бірлескен бизнес-шешімдерді, зерттеу бастамаларды, оның ішінде Ұлттық жасанды интеллект орталығында жасанды интеллект зертханасын ашу шеңберінде әзірлеу перспективасы қарастырылды.
 
EPAM Systems – бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және консалтинг саласындағы әлемдік көшбасшы. Бүгінгі таңда EPAM компаниясы Қазақстанның 17-ден астам қаласында таныстырылған және 1000-ға жуық қызметкері бар, 2024 жылы Astana Hub-қа қатысу шеңберінде $40 млн астам сомаға қызметтер экспортталды.
 
• Тараптар IT-білім беруді дамыту бағытында 5 мыңнан астам маманды оқытқан EPAM Kazakhstan оқу орталығының маңызын атап өтті. Tech Orda бағдарламасы арқылы компания 700-ден астам студентке Java, Python және Data Engineering сияқты негізгі бағыттар бойынша IT дағдыларын үйретті. Биыл оқу үшін тағы 300 студент таңдалды.
 

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық міндет қойды. Қазақстан жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні жедел дамыту аумағына айналуға тиіс. Біз осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз. 5 жыл ішінде IT-қызметтер экспортының көлемі $30 млн-нан $600 млн-ға дейін өсті. Дегенмен, бұл жеткіліксіз, бізде үлкен әлеует бар. Қазақстандық мамандар дарынды әрі бәсекеге қабілетті. Әлемдік алпауыттармен ынтымақтастық бізге тиімділікті арттыруға және озық қарқынмен дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

  
Өз кезегінде Аркадий Добкин Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуалды атап өтіп, цифрландыру және экономиканың нақты секторларына жаңа технологияларды енгізу саласындағы одан әрі ынтымақтастық үшін бірқатар ұсыныстарды айтты.
 
Кездесу қорытындысы бойынша цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне қажетті көмекті қамтамасыз ете отырып, жобаларды сүйемелдеуді күшейту тапсырылды.

22 қараша, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.