Атырау, 6 шілде 14:06
 дождьВ Атырау +32.3
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11

Дмитрий Мун цифрлық даму вице-министрі болды

847 рет қаралды

Дмитрий Мун цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Дмитрий Мун Андреевич Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды, -делінген Үкіметтің баспасөз қызметі хабарламасында.

1991 жылы Астанада дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік универститетін тәмамдаған. 

2014 жылғы тамыз - 2017 жылғы қыркүйек аралығы – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да, «Қазпошта» АҚ-да жұмыс істеді;

2017 жылғы қыркүйек - 2018 жылғы қараша аралығы – ҚР прокуратурасының лейтенанты, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Аналитикалық бөлімінің бастығы;

2019 жылғы қазан - 2023 жылғы тамыз аралығы - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да инженер-бағдарламашы, жоба жетекшісі, Big Data жөніндегі басқарушы директор;

2023 жылғы тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

22 қараша 2024, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.