Атырау, 23 желтоқсан 20:13
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

551 просмотра
gov.kz

Раманхан Төрегелдиев 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының дүниеге келген. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетін және Қаржы академиясын бітірген, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 14 жылдан асады. Ол мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мансабын 2009 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасының сарапшысы лауазымынан бастады.

2017-2020 жылдар аралығында Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде басқарма басшысы болып жұмыс істеді, сондай-ақ Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдан 2023 жылға дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болды.

2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі апелляция департаментінің директоры қызметін атқарып келді.

22 қараша, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.