Атырау, 1 қыркүйек 23:24
 дождьВ Атырау +25.4
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34

Павлодар облысында ағасы мен қарындасы зорлық-зомбылық құрбаны болған

539 рет қаралды
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында ағасы мен қарындасы зорлық-зомбылық құрбаны болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысында кәмелетке толмаған балаларды қорлау дерегі әшкере болды. 16 және 15 жастағы ағасы мен қарындасы зорлық-зомбылықтың құрбаны болған. Ақпаратты Павлодар облысының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенова растады.

"Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Зардап шеккендерге жан-жақты көмек толық көлемде көрсетіледі", - деді Шәкенева.

Өңірлік білім басқармасы дерек тексеріліп жатқанын хабарлады.

"Колледждің кәмелетке толмаған студентіне қатысты зорлық-зомбылық дерегін соталды тергеу барысында құқық қорғау органдары мектепте оқитын үлкен ағасына қатысты зорлық-зомбылық дерегін анықтады. Кәмелетке толмағандарға психологиялық көмек көрсетіледі. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп түсіндірді өңірдің білім басқармасы.

Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды.

22 қараша 2024, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.