Атырау, 23 желтоқсан 22:41
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қазақстанда жылына 370 мың тонна майлы дақылдар өңделетін зауыт іске қосылады

188 просмотра
Сурет: gov.kz

«Масло-Дел Петропавлоск» ЖШС жаңа май экстракциялық зауытының құрылысын аяқтады, деп хабаралйды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. 

Зауытта жылына 370 мың тонна майлы дақылдар өңделетін болады.

Зауыт өнімдеріне күнбағыс және зығыр майы, сондай-ақ күнжара кіреді. Сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін өндіріс кезінде суық сығымдау технологиясы қолданылатын болады.

Кәсіпорында Германия, Бельгия және Түркия өндіретін заманауи жабдықтар орнатылған. Қазіргі уақытта тұқымдарды алу, дайындау және қабылдау цехтарының, сондай-ақ сорғы мен қазандықтың құрылысы аяқталды. 

Жабдықтарды іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өндірісті іске қосу ағымдағы жылдың қараша айының соңында жоспарланып отыр.

Жобаның құны-34 млрд теңге.

22 қараша, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.