Атырау, 26 қараша 02:22
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ауғандық жауынгерлердің өз ескерткіштері болады

4 642 просмотра

Ауған соғысының аяқталғанына 25 жыл толуына орай атыраулық интернационалист жауынгерлер бұрынғыдай Мәңгілік алауға емес, «өз» ескерткіштерінің алдына гүл шоқтарын қоя алады. Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Жеңіс бағында қаза болған жауынгерлерге арналған ескерткіш 2014 жылдың 15 ақпанында дайын болмақ.

Ескерткіш құрылысының жыр болғанына бақандай алты жыл болды. Естеріңізге салсақ, ескерткіш құрылысын әлдебір «Зодиак» ЖШС бастағаннан кейін кешікпей фирма директорының көрінеу жалған құжаттарды пайдаланып, құрылысқа бөлінген ақшаларды (түрлі мәліметтер бойынша, 9-дан 24 миллионға дейінгі бюджет теңгесі) иемденіп алғаны анықталған болатын. Кейіннен ол директор әйел мүлкі тәркіленіп, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына алған еді.

Сөйтіп, осы жағымсыз оқиғадан кейін үш жыл өткен соң атыраулық билік мемориалды салып бітіруді ұйғарды. Жаңа мемориал, жобаға сәйкес, 9 метр биіктікте болады. Ақ арка мен күмбез Ауғанстан символын білдірмек. Олардың алдыңғы жағына екі қола жауынгер мүсінін қою жоспарланған. Сонымен қатар қаза болғандардың, хабар-ошарсыз кеткендердің есімдері жазылған қола тақталар мен екі тілде ескерткіш жазба орнатылмақ. Жоба құны туралы хабарланбайды.

Анастасия ПАСТУХОВА

«АЖ»АНЫҚТАМАСЫ: Ауғанстандағы соғысқа 22 мыңнан астам қазақстандық қатысып, 900-ден астамы қаза болды. Атырау облысынан 874 жауынгер соғысып, 13 жауынгер қаза болды, 1-уі хабар-ошарсыз кетті.

19 шілде 2013, 12:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.