Атырау, 22 қараша 20:47
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Байк-клуб Курилкинге шақырады

2 358 просмотра

20 шілдеде Көкарна (бұрынғы Курилкин) поселкесінен 6 шақырым жерде «Яик-2013» атты алғашқы байкерлік фестиваль өтеді.

Wild West Wheels Brothers байк-клубындағы жігіттердің айтуынша, ашық аспан астында өтетін фестивальға көрші облыстардың байкерлері, дос-жоралар мен меймандар келеді екен. Кешкі сағат 6-да басталатын шара тегін сыра мен палау есебінен ғана емес, шақырылған әртістердің, бәйгелер мен сыйлықтардың арқасында қызықты болмақ.

Хард-кор стилінде ойнайтын атыраулық жаңа «The second breath» рок-тобы сахна төрінде өз өнерін көрсетеді. Танымалдылыққа ие болған жергілікті «Truwave» реперлері мен «Pandora» хард-коршыларын тыңдауға болады. Фестивальдің музыкалық бөлімінің басты қонағы ақтаулық «Librium» рок-тобы болмақ.

WWWB байк-клубының хатшысы Капотайтқандай, фестивальға тек байкерлер ғана емес, ниет білдірушілердің барлығы да шақырылады. Шамасы, бұлардың соңғылары әжептәуір көптеу болатын шығар. Өйткені басқа қалалардың тәжірибелеріне қарағанда, байк-фест өте демократиялы шара. Көп жағдайда тіпті мотоциклдің болуы да міндетті емес. Байкер – жан-дүниенің көңіл күйі. Ал темір тұлпардың жарасы жеңіл ғой, бола жатар.

Жүру кестесі

Анастасия ПАСТУХОВА

19 шілде 2013, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.