Атырау, 20 желтоқсан 19:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

Атырауда автокран мен жүк тиегіштің жүргізушілері мас күйде жанжалдасқан

876 просмотра
Видеоның стоп-кадры

Әлеуметтік желіде Атырау қаласы Көктем ықшам ауданында құрылысы жүріп жатқан мектептің жапсарма ғимаратын бұзып жатқан кран жүргізушісінің видеосы тарады.

Таяуда мердігер ұйымның құрылысшылары жалақының кешіктірілуіне наразылық білдіріп, жаңа ойын алаңын бұзуға кіріскенін еске алған жұртшылық бұл жолы да солай шығар деп топшылаған.

«АЖ» сауалына мынадай комментарий алынды:

- «Еврострой-А» мердігер мекемесімен байланысып, кран және жүк тиегіш жүргізушісі жалақы бойынша емес, мас күйде өзара мәселесі бойынша жанжалдасқаны белгілі болды, - дейді облыс әкімдігі баспасөз хатшысы Руслан ЖҰМАҒАЛИЕВ.

Оның сөзінше, уақытша салынған күзетшілерге арналған бақылау пункті мен қоршаулар бүлінген. Қазір бүлінген жерлер қайта қалпына келтірілген.

Жауапта жанжалға қатысушылардың бәріне шара қолданылатыны айтылған. Мектептің нысан жобасына түзету енгізіліп, мемлекеттік сараптамаға жолданып жатқаны да келтірілген.

Кейін қалалық полиция басқармасы салынып жатқан мектептің қақпасын бұзып, Chevrolet Onix көлігіне зақым келтірген жүк тиегіш жүргізушісінің полиция бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлады. 51 жастағы жүргізушінің мас болғаны, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

18 қараша, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.