Сарыарқа ықшамауданының тұрғындары былтыр орнатылған №38 үйдің жанындағы жаңа балалар алаңының күтпеген жерден бұзылғанына куә болды.
Жұмысшылар алаңның жолжиектері мен басқа элементтерін ала бастағанда, аудан тұрғындары «олардың әрекеттері заңды ма?» деген сауал қойды.
Мердігер мекеменің жұмысшылары бұған дейін жалақыларын кешіктіруге байланысты наразылық білдіргені, ойын алаңын бұзу олардың наразылық акциясы екені белгілі болды.
Қалалық ТКШ бөлімі аумақта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын түсіндірді.
- Барлық мәселе шешілді, жұмысшылар еңбекақыларын алды, ал алаң қалпына келтіріледі, - деп сендірді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.
Айнұр САПАРОВА