Атырау, 8 қазан 04:00
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Навальный бес жылға сотталды

1 665 просмотра

Ресей соты азаматтық белсенді Алексей Навальныйды «қаржы ұрлаған» деген айыппен бес жылға түрмеге кесті. Навальный мен жақтастары үкімнің саяси астары бар дейді.

Шілденің 18-і күні Ресейдің Киров қаласының Ленин аудандық соты «Кировлес ісі» бойынша қылмыстық айып тағылған белгілі блогер, азаматтық белсенді Алексей Навальныйды айыпты деп танып, бес жыл мерзімге бас еркіндігінен айыру туралы үкім шығарды.

Навальныйдың «сыбайласы» ретінде айып тағылған кәсіпкер Петр Офицеров төрт жылға бас еркіндігінен айырылды. Екеуі де сот залында қамауға алынды.
Бұған дейін прокуратура өкілі соттан Навальныйды алты жылға, Офицеровты - бес жылға бас еркіндігінен айыруды сұраған еді.
Навальный үкім шығардан бір күні бұрын Мәскеу мэріне кандидат ретінде ресми тіркелген еді.
Прокуратура оған 2009 жылы Киров облысы губернаторының кеңесшісі болған кезінде «Кировлес» компаниясынан 510 мың АҚШ доллары көлемінде қаржы жымқырды деп айып таққан.
Айыпталушылар мен олардың адовкаттары қылмыстық істің саяси астары бар деп санайды. Сот кезінде олар қылмыстық іске «Кировлес» кәсіпорнының бұрынғы басшысы мен оның туыстарының куәліктері ғана негізгі алынғанын, бухгалтерлік есеп құжаттарына сараптама жүргізу туралы қорғанушы тараптың талаптары ескерілмегендігін алға тартты.
Алексей Навальный соттағы соңғы сөзінде өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын, Ресейде «ұлт байлығын тұрғындардың жарты пайызы талан-таражға салып отырғанын» айтып, «елді феодалдық құрылыстан арылтып, бұл ақылға қонымсыз нәрсені түзету үшін жұмыс істейтін боламыз» деп мәлімдеген еді.
Ресейде жоғары биліктегі жемқорлықты әшкерелейтін істерімен танылған 36 жастағы Алексей Навальный президент Владимир Путиннің саясатын сынап, наразылық акцияларын ұйымдастырып жүрген оппозициялық белсенді.
 
18 шілде 2013, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.