Атырау, 11 желтоқсан 13:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Атыраудағы Мұз сарайы мемлекетке қайтарылды

Толықтырылды
1 140 просмотра
Фото: 2GIS 

Оның 2018 жылы жеке кәсіпкерге негізсіз берілгені белгілі болды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр БИГАЙДАРОВ спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері туралы баяндаған брифингте мәлім болды. Орталық деңгейде Туризм және спорт министрлігінің, өңірлік деңгейде – облыстық спорт және дене шынықтыру басқармаларының жұмысына талдау жүргізілді. 

Бізге мәлім ақпарат бойынша, сарай негізсіз берілген жеке кәсіпкер мен атыраулық «Бейбарыс» хоккей клубының басқарушысы бір адам.

Айтпақшы, хоккей клубы жеке кәсіпкер «Бушанова Гаухар Михайловнаның» сенімгерлік басқаруына берілген. Мемлекеттік сатып алу сайтының мәліметінше, жеке кәсіпкер 2018 жылдың 28 ақпанында Орал қаласында тіркелген. Негізі клубты Гаухар БУШАНОВАНЫҢ күйеуі Болат БУШАНОВ басқарады.

2020 жылы клуб басшылығы жалақыны уақтылы төлемегені үшін өз бапкерлерімен және хоккейшілерімен арада жағымсыз жанжал болған. Әділдікке жету үшін «Бейбарыс» хоккейшілері мен бапкерлері сол кезде қызметте болған ҚР Премьер-Министрі Асқар МАМИН мен Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВТІҢ атына ұжымдық хат жазды. Осы хикаяның нәтижесінде Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы тексеру жүргізіп, «Бейбарыс» басшылығы тарапынан заң бұзушылық фактілерін растады. Мұз сарайы тақырыбына қайта оралсақ, Атырау облысын 2018 жылы – спорт нысаны негізсіз берілген кезде – Нұрлан НОҒАЕВ басқарса, сол жылы қалаға екі әкім Серік ШӘПКЕНОВ пен Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ басшылық етті.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

14 қараша, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.