Атырау, 4 тамыз 14:49
 дождьВ Атырау +30.5
$ 475.38
€ 547.73
₽ 5.93

Бәрі де жоспар бойынша

1 750 рет қаралды

Премьер-министрдің селекторлық кеңесінде Атырау облысының қысқы маусымға дайындық жұмыстары бойынша артта қалғандығы атап көрсетілді, деп орталық БАҚ-тар ақпарат таратқан еді.

Кеңеске қатысқан «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВ біздің облысымыздың тарапына ай-тарлықтай ескертулер болған жоқ деп есептейді. ЖЭО қон-дырғыларының бірін жөндеу жұмыстары бойынша кідірістердің орын алғаны атап өтілген. Облыс әкімі Б. ІЗМҰХАМБЕТОВ премьерге ресейлік зауыттардың бірінен жаңа жабдықтардың уақытында жеткізілмеуі себеп болып отырғанын түсіндіріпті. ЖЭО-ның жылу және электр энергиясының қуаттылығы бұдан зардап шекпейді, ЖЭО қысқы уақытта бұл жабдықтарсыз да қа-лыпты жұмыс жасай алады екен.

Біз, сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВҚА қоңырау шалған едік. Ол көппәтерлі 921 үйдің бүгінде 520-сына, яғни 56 пайызына шаю-тазарту жұмыстары жүргізілгенін хабарлады (өткен жылы осы уа-қытта үйлердің 44 пайызы жылу қабылдауға дайын болған еді).

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.