Атырау, 26 желтоқсан 23:28
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Шеф, бәрі құрыды!

1 906 просмотра

Атырау облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) мемлекетке 135 млн теңге шығын әкелген 4 қасақана және жалған банкроттық фактісін анықтады.

Қаржы полициясы департаментінің ақпараттық-аналитикалық бөлімі қолжетімді ақпарат көздері мен мемлекеттік органдардың мәліметтерін пайдалана отырып, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін жасырып үлгерген, яғни, сыйға беріп, сатып, қайтарымсыз беріп, банкроттық процедура өткізуге дайындалған 11 «қатерлі» кәсіпорынды анықтады. 4 жағдайда қауіп расталды. Мәселен, «ШАДТ-Атырау» ЖШС-нің директоры азамат Е.-ге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол бюджет алдындағы қарызын өтеместен, коммерциялық ұйымды қасақана төлем төлеуге қабілетсіз етіп, оны банкротқа ұшыратқан. Ол осылайша үкіметке 113 млн теңге шығын келтірген.

- Сонымен қатар, осы санаттағы қылмыстардың алдын алу аясында Департамент ЭСЖҚКД, Салық департаменті және Төлемге қабілетсіз борышкерлермен жұмыс комитетімен бірлескен шаралар өткізу бастамасын ұсынды,- дейді ЭСЖҚКД баспасөз қызметінің хатшысы Алтынай МҰХТАРОВА. – Сондай-ақ, ақпараттармен де алмасатын боламыз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

18 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.