Атырау, 6 желтоқсан 09:12
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Алдымен жұмыс...

1 595 рет қаралды

«HeadHunter Қазақстан» компаниясы зерттеу орталығының деректері бойынша, ең бүркемелі жұмыс берушілер Атырау облысында тұрады екен.

Еліміздегі онлайн ресурстары-ның бірі HeadHunter жұмыс туралы 50 мыңнан аса ұсыныстарға талдау жасап, келесідегідей қорытындылар шығарды. Ең ашық жұмыс берушілер Қызылорда облысында екен - әр екінші вакансияда алатын жалақылары нақты көрсетіліпті. Ал Атырау облысында мұны жұмыс берушілердің тек 35%-ы ғана жасайды екен, бұл - еліміздегі ең төменгі нәтиже.

Өнер, ойын-сауық және массмедиа - еңбек төлемі бойынша ең мөлдір, ашық салалар болып табылады, жалақы мөлшері хабарландырулардың 53%-нда көрсетілген. Ең бүркемелі жұмыс берушілер банк секторында – онда жалақылар хабарландырулардың тек 13%-нда ғана көрсетіліпті.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

18 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.