Атырау, 5 желтоқсан 12:49
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Осы жылдың “Алтын доп” иегері мен үздік шабуылшысы анықталды

947 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет

Испания ұлттық құрамасының және Манчестер -Сити командасының жартылай қорғаушысы Родри – 2024 жылдың «Алтын доп» иегері атанды, деп хабарлайды Altyalash.kz.

Оның бұл бәсекедегі негізгі көрсеткіші ұлттық құрамасымен бірге Еуропа-2024 чемпионатын ұтқаны себеп болды.

Ал одан өзге титулдарға төмендегі футбол әлемінің жұлдыздары қол жеткізді:

Ламин Ямал әлемнің үздік жас ойыншысы ретінде «Копа Трофейін» иеленді,
«Барселона» – 2024 жылдың үздік әйелдер клубы,
«Реал Мадрид» – 2024 жылдың ең үздік клубы атанды,
Харри Кейн мен Килиан Мбаппе жылдың үздік шабуылшысы ретінде «Герд Мюллер» трофейіне ие болды,
Эмилиано Мартинес – «Лев Яшин» жүлдесін жеңіп алды (жылдың үздік қақпашысы),
Карло Анчелотти – 2024 жылдың ең үздік бапкері атанды,
Айтана Бонмати әйелдер арасындағы «Алтын доп» иегері атанды.

29 қазан 2024, 18:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.