Атырау, 24 қараша 07:11
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстан қытайлық туристерге визасыз режим енгізді

421 просмотра

Енді Қытай азаматтары Қырғызстанда 21 күнге дейін визасыз бола алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

News.kg хабарлауынша, Қырғызстан Қытайдан келетін ұйымдасқан туристік топтарға визасыз режим енгізілгенін жариялады. Бұл елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы маңызды қадам болды.

Бұл жаңалықты Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Еділ Байсалов «Қытай-Орталық Азия» форумы аясында қытайлық шенеунікпен кездесуде мәлімдеді.

Жаңа визасыз режим Қытайдан келген туристерге Қырғызстанда 21 күнге дейін болуға мүмкіндік береді. Сөзінше, бұл халық дипломатиясының дамуына және қырғыз нарығына туристерді тартуға ықпал етпек.

29 қазан, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.