Атырау, 28 желтоқсан 05:48
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

"Хезболланың" жаңа бас хатшысы тағайындалды

357 просмотра

Ливандық "Хезболла" тобы қаза тапқан Насралланың мұрагері тағайындалғанын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Isna.ir басылымының жазуынша, ливандық "Хезболла" тобы сейсенбіде шейх Наим Касем қозғалыстың жаңа бас хатшысы және Сайед Хасан Насралланың мұрагері етіп тағайындағанын жариялады.

Шейх Наим Касем 1991 жылдан бастап Хезболла бас хатшысының орынбасары болған. Ол “Амал” немесе “Құқықсыздар қозғалысын” құруға атсалысып, имам Мұса Садрмен бірге Ливанда Хезболланы жасақтауға қатысқан.

МӘЛІМДЕМЕ

“Алла Тағалаға деген сенімге, шынайы мұсылман исламына, Хезболланың принциптері мен мақсаттарына және бас хатшыны сайлаудың белгіленген тәртібіне сүйене отырып, Шура Хезболла кеңесі мәртебелі шейх Найм Кассемді Хезболланың бас хатшысы етіп сайлауға келісіп, оған осы сапарда берекелі туды сеніп тапсырды. Біз Алла Тағаладан Хезболла басшылығының осы құрметті миссиясында және оның исламдық қарсылығында сәттілік беруін сұраймыз” делінген Хезболланың Шейх Найм Касемді Бас хатшы етіп тағайындау туралы мәлімдемесінде.

НАИМ КАСЕМ КІМ

Reuters дерегінше, Кассем 1982 жылы құрылғаннан бері қозғалыстағы негізгі тұлғалардың бірі болған. Ол Израильге қарсы тұруға соғысқа белсенді қатысып, 2006 жылы Израильмен соғыстан кейін Насралла көпшілік алдына шығуды тоқтатқаннан кейін 30 жылдан астам уақыт бойы вице-президент қызметін атқарған.

Кассем 23 қазанда Израильдің соққысынан қаза тапқан Хезболланың тағы бір қайраткері Хашем Сафиеддин қайтыс болғаннан кейін ұзамай тағайындалып отыр. Кассем өз сөзінде жаңа көшбасшыны сайлау Израильмен күресті бәсеңдетпейтінін айтты.

"Шайқас ұзақ болуы мүмкін, бірақ біз соңына дейін баруға дайынбыз", – деді ол.

1953 жылы Бейрутта дүниеге келген Кассем саяси мәнсабын “Амал” қозғалысында бастаған. Бірақ Ирандағы Ислам революциясынан кейін одан шығып кеткен. Кейіннен ол Хезболланы құруға қатысатын негізгі тұлғалардың біріне айналды. 1992 жылдан бастап ол Ұйымның парламенттік сайлау науқанын басқарды және 2005 жылы оның тарихы туралы кітап жазды. Ол кітап топқа іштей ерекше көзқарас білдірген еңбек ретінде бағаланды.

29 қазан, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.