Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгінде Железнодск қаласындағы "Қазақстан геологы" пансионатына 54 оқушы кері автобуспен қайтып келе жатқан көрінеді.
Еске салсақ, Жылыой ауданы Құлсары қаласынан сегіз күнге Ресейдің Железнодск қаласы Иноземцево ауылындағы "Қазақстан геологы" пансионатына 174 оқушы демалуға кеткен болатын. Алайда балалар келгеннен кейін бөлмелердегі антисанитариялық жағдайға тап болған. Баспасөз қызметі бұған дейін түсіндіргендей, ауа райының қолайсыздығынан пансионатқа жәндіктер тарап кеткен. Оқушылардың ата-аналары наразылық танытып, балаларын үйлеріне қайтаруды талап етті.
Ал 120 бала қалуға шешім қабылдаған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА