Атырау, 28 желтоқсан 05:40
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Атыраулық оқушылар «ақылды көзілдірік» ойлап тапты

1 207 просмотра

Атырау Білім инновация лицейінің 11-сынып оқушылары Хайдар АТАҒҰЛЛА мен Қайырхан ЛҰҚПАНОВ көз жанары нашар көретін адамдардың өмірін жеңілдетуге арналған «ақылды көзілдірік» ойлап шығарды. 

- Оқушылар көру қабілеті нашар адамдар жиі кездесетін проблемаларды шешу үшін  RikaAI жасанды интеллектін жасап шығарған. RikaAI -  бұл интуитивті бағдарлама, жәй ғана саусақпен басу арқылы  арқылы іске қосылады. Пайдаланушыларға дауыстық команда беріп, өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді, - дейді Атырау облысы білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира ТҰҢҒАТАРОВА. 

Көзілдіріктің ақпарат беру, мәтінді оқу, нысандарды анықтау және суреттерге қол қою сияқты төрт негізгі функциясы бар. 

- Біздің мақсатымыз -  RikaAI айналасында достық қауымдастық құру, пайдаланушылардың пікірлерін тыңдау,  адамдардың құқықтарын қорғау топтарымен серіктесу арқылы қолжетімділікке ықпал ететін іс-шараларға қатысу, – дейді оқушылар. 

Айта кетейік, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде ең кемі 2,2 миллиард адам жақын немесе алыс көру қабілетінің бұзылуынан зардап шегеді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

29 қазан, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.