Атырау, 28 желтоқсан 15:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Жоба үшін күрес

992 просмотра
Көрнекі сурет

Халықаралық үш мердігер Атырау облысындағы ГБҚ (Газ бөлу қондырғысы) жобасы бойынша ірі жобалау, сатып алу және құрылыс жобасы үшін бәсекелеседі.

Upstream Online мәліметі бойынша, әзірлеу бір жылдан астам уақыт ішінде басталуы керек. Жоба Теңіз кенішіндегі КТЛ-1 және КТЛ-2 ілеспе газ және мұнай өңдеу қондырғыларынан бір шақырым жерде орналасады, деп хабарлайды Petrocouncil.

Болжамды құны: $2,2 млрд. Жоба бойынша Теңіз кенішінің ілеспе газынан шамамен 1,6 миллион тонна этан мен 360 мың тоннаға жуық пропан өндіру жоспарлануда. Алынған этан 200 шақырымдық арнайы құбыр арқылы полиэтилен шығаратын зауытқа жөнелтіледі.

ГБҚ 9,1 миллиард текше метрге дейін Теңіз газын өңдеп, негізінен метаннан тұратын  шамамен 7,3 млрд текше метр құрғақ газды ТШО-ға қайтару үшін жобаланған.

Upstream Online мәліметіне сәйкес, EPC тендеріне қатысушылар - оңтүстіккореялық Hyundai Engineering, испандық Tecnicas Reunidas және итальяндық Tecnimont.

Upstream Online басылымы осы жылдың маусым айында корей компаниясы ҚМГ-мен кең ауқымды ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғандықтан, Hyundai жарыста көшбасшы бола алады деп жазады. Дегенмен Tecnicas Reunidas осыған дейін жобамен байланысты газдан полиэтилен өндіретін зауытқа негізгі EPC келісімшартын алған болатын.

Оператор ақырғы шешімді келесі жылдың наурыз айында қабылдамақ. Өйткені құрылыстың басталу мерзімі жақындап қалды. ГБҚ құрылысы келесі жылдың қараша айында басталады деп жоспарланған. Ол 2028 жылдың желтоқсанына дейін 38 ай жалғасады. Осы кезеңде жылына 2300-ден астам адам жұмысқа тартылмақ. Газ бөлу кешенін іске қосу 2029 жылға жоспарланған. Технология лицензиары - UOP, Honeywell бөлімшесі.

29 қазан, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.