Атырау, 28 желтоқсан 18:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Мақат ауданының бұрынғы әкіміне қатысты жаза өзгерді: бас бостандығын шектеу айыппұлмен ауыстырылды

836 просмотра

Атырау қаласының №2 соты бұған дейін Мақат ауданының бұрынғы әкімі Ринат ИБРАГИМОВТЫ материалдық тәуелділікте болған бұрынғы зайыбы Ақмарал ҮМБЕТҚАЛИЕВАҒА денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін (ҚР ҚК 107-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы) кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылған еді. 

Жәбірленушінің моральдық шығын өндіру туралы азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды: сотталушыдан 2 млн теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді.

Қылмыстық іс апелляциялық алқаға жәбірленушінің және қорғау тарапының шағымдары, сондай-ақ  прокурордың өтінішхаты бойынша түсті.

Сот алқасы іс материалдарын зерделеп, Ибрагимовтың қылмыс жасаудағы кінәсі жәбірленушінің жауаптарымен, сот-дәрігерлік сараптама қорытындысымен дәлелденді деген тұжырымға келді.

Алқа «кінәлі адамға көрінеу белгілі материалдық жағынан тәуелді адамға қатысты» саралау белгісі дұрыс тағылмаған деп шешті. Өйткені Үмбетқалиеваның жұбайына материалдық тәуелділігі туралы  дәлел ұсынылмады.

Сотта әйелдің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны, оның шотына ақша түскені туралы құжаттар ұсынылды.

Осыған байланысты сот Ибрагимовтың әрекеті ҚР ҚК-нің 107-бабының 1-бөлігіне қайта сараланды. Ибрагимовке 700 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл (2 415 000 теңге) жазасы тағайындалды.

Еске салсақ, бұрынғы әйелі өзін үнемі соққыға жығатыны жөнінде айыптағаннан кейін 24 мамырда Ибрагимов өз еркімен қызметінен кеткен болатын. Бірінші инстанциядағы сотта прокурор экс-әкімді ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 2 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ 

29 қазан, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.