Атырау, 22 қараша 02:57
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

«Қорғау-Сергек»: Атырауда 25 айыппұлы бар көлік анықталды

Бейнежазба
736 просмотра

Атырау қаласының аумағында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғасын алдын алу мақсатында «Қорғау-Сергек» бағдарламалық жүйесінің көмегі арқылы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жедел басқару орталығымен бірлесіп күнделікті қызмет атқаруда. 

Аталған бағдарлама көмегімен жыл басынан бері 17 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 2 мыңнан астам көлік құралы арнаулы тұраққа қойылды. Соның ішінде бұрын жасаған құқық бұзушылықтары үшін айыппұлдарын төлеуден жалтарып жүрген, борышкер ретінде тіркелген көлік құралдарын анықтау және айыппұлдарын өндіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. 

Мәселен, қала аумағында теңге көлемінде 25 төленбеген айыппұлы бар Ресей Федерациясының есебіндегі маркасы Kia автокөлігі тоқтатылып, арнаулы тұраққа жеткізілді. 


29 қазан, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.