Атырау, 28 желтоқсан 15:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Атырау облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру шарасы алынуда

911 просмотра

«Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ өкілдерінің сөзінше, биыл қараша айында тұрақтандыру қорына 5667 тонна көкөніс өнімі жеткізіледі. Бұл облысты арзан бағадағы пияз, қырыққабат, сәбіз және картоппен келер жылдың сәуір айына дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

- «Атырау» ӘКК» Атырау облысының Тұрақтандыру қоры бағдарламасын іске асыру мақсатында 2024-2025 жылдарда бағаны тұрақтандыру үшін жергілікті сауда желілері, тауар өндірушілерге және көкөніс тауар өндірушілерге айналым қаражатын толықтыру үшін қайтарымды қарыздар берілді. Бүгінде өңірдің тұрақтандыру қоры арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 18 түрі бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінен аспайтын бағада және рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері бойынша, сондай-ақ нарықтық орташа 20 пайызға төмен бағамен сатылуда, - деп хабарлады «Атырау» ӘКК» баспасөз хатшысы Гүлназ КӘРІМЖАН.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ауыл шаруашылығы тауарлары - картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат өнімдері қаланың үш базарында және үш аулалық сауда павильонында және «Лидер», «Идеал» желілерінің 32 супермаркетінде сатылатын болады. Ал 14 әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарлары облыс бойынша «Лидер» және «Идеал» желісінің 36 супермаркетінде (оның ішінде: Индер ауданы бойынша – 1, Жылыой ауданы бойынша – 2, Мақат ауданы бойынша -1), қаланың "№1 ет гастрономының" 6 павильонында, 3 "Ярмарка"супермаркетінде және "Халил Ұстаның" 2 дүкенінде, Қызылқоға ауданында 2 сауда желісінде сатылуда. 

«Атырау» ӘКК» мәліметіне сүйенсек, Атырау облысы бойынша 1-сұрыпты ұннан жасалған нанның бағасын тұрақтандыру үшін ұн тартатын кәсіпорнымен шарт жасалып, бүгінде наубайханаларға әлеуметтік нан жасау үшін 1-сұрыпты ұн төмен бағада сатылуда. Онымен қоса, аймақты қантпен қамтамасыз ету және тапшылықты болдырмау үшін "Көксу қант зауыты" ЖШС-мен жеткізу туралы қарыз шарты жасалған. 

Қазіргі таңда жоғарыда аталған дүкендерде әлеуметтік нан бағасы 91 теңге болса, үй жанындағы дүкендер мен супермаркеттерде 110-120 теңгеден сатылуда. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

29 қазан, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.