2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда жалпы ауданы 110,7 мың шаршы метрді құрайтын 54 сауда ғимараты пайдалануға берілді. Іске қосылған нысандардың нақты құны 48,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Сауда үйлері Түркістан облысында көп пайдалануға берілген, онда 18 нысан, ал Атырау облысында 6 нысан іске қосылды. Бұл ретте Маңғыстау облысында 1 сауда үйі пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, 9 айда жалпы көлемі 26,9 мың шаршы метрді құрайтын 46 супермаркет іске қосылды, оның жалпы құны - 12,5 миллиард теңге. Қызылорда (16) және Түркістан облыстарында (15) жаңа супермаркеттер көп ашылды. Сондай-ақ, осы кезеңде жалпы ауданы 27,1 мың шаршы метрді құрайтын 158 минимаркет пайдалануға берілді. Минимаркеттерді іске қосудың жалпы құны - 11 млрд теңге. Ең көп минимаркет Түркістан (31), Жамбыл (22) және Ақмола (21) облыстарында ашылды.