Атырау, 28 желтоқсан 18:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

​Облыс әкімі Индер ауданындағы құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Сурет
950 просмотра

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов Индер ауданына жұмыс сапарымен барып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік нысандармен танысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен Бөдене ауылдық округінде биыл пайдалануға берілген Өнер мектебіне барды. Ашылғанына бір ай болған мекемедегі домбыра, қобыз, хореография, вокал, дәстүрлі ән, сурет үйірмелеріне барлығы 70 оқушы қатысады.  Мектеп әкімшілігі облыс әкімінен балаларды тасымалдауға автобус  алып беруді сұрады. Облыс әкімі жауапты басшыларға мәселені тез арада шешуді тапсырды.

Индерде тұрғын үймен қамту мәселесі өзекті. Бүгінде  Индербор кенті Көктем ықшамауданында 80 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталып келеді, аулалар абаттандырылуда. Жаңа баспана кезек реттілігімен қарашада пайдалануға беріледі.

Индербор кентінде көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары белсенді жүріп жатыр.  2021 жылы кенттегі 11 көпқатарлы тұрғын үй , 2022 жылы 7 көпқатарлы тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті.  Былтыр кенттің орталық көшелеріндегі 4 көппәтерлі тұрғын үйге , биыл 3 көппәтерлі тұрғын үйге жәй жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал кенттегі Қаражанов көшесіндегі көпқабатты үй қайта жаңғыртылуда. Қазір үйдің қасбеті жөнделіп, шатыры жабылуда. Жоба бойынша желдету шахтасының кірпіші ауыстырылып, су ағар жүйесі орнатылады. 

Облыс әкімі  жауапты басшыларға жұмыстарды жүйелеп, уақытылы аяқтауды тапсырды.

Индербор кентінде соңғы 3 жылда 13 көп қабатты тұрғын үйдегі 112 отбасы жаңа баспанаға көшті. Алда 121 отбасы қоныс тойын тойламақ.  Жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасады.

Серік Шәпкенов Қабдешов көшесінде апатты деп танылған үйлердің орнына салынатын әлеуметтік нысандардың жерін қарап шықты. Мұнда өнер мектебі мен саябақ салынады.

Бұдан кейін Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледжіне барып, оқу ордасының жай-күйімен танысты. Ғимарат 2017 жылы күрделі жөндеуден өткен. Биыл шеберхананы қайта жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттамасы жасалуда. Колледжде оқитын 231 студентке 39 педагог білім береді. Білім ордасында 100 орындық жатақхана, 1 шеберхана, 6 зертхана, 1 автодром, 200 орындық асхана, 1 спорт залы бар.

28 қазан, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.