Атырау, 5 қазан 01:40
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жолөткел жөндеуге жабылады (толықтырылды)

3 289 просмотра

20 шілдеде Атырау – Доссор жолы арқылы өтетін теміржол өткелі қайта жарақтау жұмыстарына жабылады.

Бастапқыда «Қазақстан Темір Жолы» жөндеу жұмыстарын сәуірден бастауды жоспарлаған еді. Содан кейін қаржыландыруға қатысты қиындықтар туралы, жөндеуді келесі жылға қалдыруы мүмкін деген әңгімелер жүрген болатын. Бүкіл сыбыстар басылған кезде теміржолшылар аяқ астынан Атырау қаласының билігіне жұмыстың уақытын атады.

– 20 шілде мен 1 қарашаны қосқандағы аралықта теміржол өткелінің астындағы жол жабылатын болады, - деді қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ.Ол жерде қайта жарақтау жұмыстары жүргізілмек: жол төсемі екі жолақтан төрт жолаққа дейін кеңейтіліп, әр бағыт бойынша екі жолақтан жасалатын болады.

Көлік құралдарының қозғалысы Атыраудың басқа айналма жолдары арқылы жүзеге асырылады. Үлкен жүк көлігіне арналған транзиттік маршруттар элеваторға баратын жол арқылы, Амандосов көшесінің бойындағы айналма көпір бойымен, Баймұханов, Датов көшелерімен өтпек.

Бейресми дереккөздер басқа уақытты атап отыр, олардың мәліметінше, жұмыстар қарашаның аяғында аяқталмақ.

Сенбі күні жолөткелдің жабылуы ауыл шаруашылық министрі А. МАМЫТБЕКОВТІҢ келу сапарына байланысты сәрсенбіге, 24 шілдеге ауыстырылғандығы белгілі болды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

16 шілде 2013, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.