Атырау, 29 желтоқсан 10:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Грузияның экс-президенті Саакашвили грузин халқын шеруге шақырды

357 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили парламентке бойкот жариялап, отандастарын наразылық шеруге шығуға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қамаудағы саясаткердің отандастарына жолдаған үндеуі Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

«Грузин халқы! Қазір бізді алдап кетті деп ренжіп, салымыз суға кетер сәт емес! Қазір біз үлкен қарсылық акцияларын ұйымдастырып, күллі әлемге әділеттілік пен бостандық үшін күресетінімізді көрсететін сәт. Уақыт өте аз!», деп жазды Саакашвили.

Сайлау нәтижелерімен келіспейтін және «Грузин арманын» ауқымды алаяқтық жасады деп айыптаған оппозициялық партиялар депутаттық мандат пен мемлекеттік қаржыландырудан бас тартып жатыр.

Сондай-ақ президент Зурабишвили де сайлау нәтижелерін мойындаудан бас тартты. Бұл туралы ол оппозициялық партия жетекшілерімен өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, «толық әділетсіздік» белең алған. Ол аз уақытта парламенттік сайлау нәтижелері туралы алғашқы мәлімдемесін жасайтынын жеткізді.

«Мен бұл сайлауды мойындамаймын. Бұл сайлауды өтті деп тануға болмайды. Мұны мойындау – Ресейдің келуін мойындау», – деді ол.
28 қазан, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.