Ауданға қарасты Құрманғазы ауылында апатты деп танылған үйдің тұрғындарына жаңа пәтердің кілті табысталды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Салттанатты іс-шараға Құрманғазы ауданының әкімі Абат ЖАНҒАЛИЕВ қатысып, жаңа қоныс иелерін құттықтады.
- Ауылымызда М.Гилаев көшесінде орналасқан көпкабатты Nº7 үйдің 15 отбасын қуантып, жаңадан салынған 3 бөлмелі баспананың кілттерін табыстадық . Бұл ресми түрде апатты деп танылған үйлердің тұрғындарына үй кезегінен тыс беріліп отырған баспана, - деді аудан әкімі А.Жанғалиев.
Анықтама үшін: биыл ауданда тұрғын үй кезегінде тұрған әртүрлі топтағы азаматтарға арналған 95 пәтер сатып алынып, 10 отбасына берілді. Қалған 85 пәтердің кілті жыл аяғына дейін тұрғындарға табысталады деп күтілуде.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА