Атырау, 20 қараша 06:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 497.26
€ 525.21
₽ 4.97

Атырауда «Байзаар» сауда орталығы өртке оранды

Сурет Бейнежазба
1 434 просмотра

Шамамен сағат 18:40-та жексенбі кешіндегі бейбіт тыныштықты  сиреналардың құлақ тұндырар дыбысы бұзды – «Байзаар» сауда орталығына өрт сөндіру қызметінің көліктері, полиция және жедел жәрдем көліктері келе бастады.

Төтенше жағдайлар департаментінен болып жатқан оқиға туралы тек бір жарым сағаттан кейін ғана хабар ала алдық. Барлық қызмет қауырт жағдайда жұмыс жасағандықтан желінің бос қалғаны абзал.

Сонымен, ТЖД баспасөз қызметі былай деп хабарлады: "2024 жылғы 27 қазанда сағат 18:37 шамасында Атырау қаласындағы сауда ойын сауық кешенінің бірінде түтін шыққаны туралы шақырту түсті. Атырау облысы ТЖД күштері дереу оқиға орнына жетіп 80 адамды оның ішінде 45 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады. Оқиға орнында штаб құрылып, өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 90 жеке құрамы, 12 бірлік техника жұмылдырылды".

Мен сауда орталығына жақын жерде тұрамын. Ұзақ уақыт бойы жағдай бақылауға алындай болған: түтін ғимараттың 1-ші қабатының кіреберісінен ғана шығып жатты. Бірақ қазіргі уақытта, өкінішке орай, екінші қабаттың да өртеніп жатқаны  белгілі болды - жоғарыдан, KFC жақтан будақтаған түтін шығып жатыр.

Сағат 21:00-де ТЖД: «Оқиға орнында 2 жедел жәрдем бригадасы, департамент психологтары, Апаттар медицинасы орталығының 4 қызметкері, Полиция департаментінің 50 қызметкері, 23 техника мен шұғыл қызмет жұмыс істеп жатыр», деп нақтылады.

Сағат 22.00-де ТЖД алынған шаралармен өрттің оқшауланғанын хабарлады.

Өртті сөндіру қатты түтінмен, көптеген жанғыш материалдардан туындаған үлкен өрт жүктемесімен қиындатылды. Жануды толық жою, сондай-ақ қайта тұтану ошақтарының алдын алу үшін конструкцияларды талдау және су төгу бойынша жұмыстар тартылған күштермен жүргізілуде.

ТЖД-де +7 (7122) 45-14-75 жедел желі телефондары ашылды.

Толықтырылды: Өрт сағат 21:58-де оқшауланып, сағат 22:50 де толықтай жойылды. Өрттің жалпы ауданы шамамен 1000 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себептері, алдын ала болжам бойынша - ток желісінің қысқа тұйықталуы.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

27 қазан, 21:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.